Денешынықтыру нұсқаушысының кеңесі тақырыбы: "Дене белсенділігі және денсаулық"
Дене белсенділігінің денсаулық үшін артықшылығы: жалпы холестерин деңгейін төмендетіп, атеросклерозға себеп болатын аурулардың даму қаупін азай тады, дене салмағын төмендетуге ықпал етеді және семіздіктің алдын алады, тромб түзілу қаупін азайтады, көңіл-күйді жақсартып, күйзеліске төзімділікті арттырады, остеопороз бен сүйектің сынуының алдын алады, қаңқа-бұлшықет жүйесі ауруы қаупін төмендетеді, жүрек-қантамыр жүйесі ауруының қаупін төмендетеді, әр түрлі қатерлі ісіктің қаупін төмендетеді, қант диабеті, бронх демікпесінің қаупін төмендетеді.
5-17 жас аралығындағы балалар мен жастар қарқындылығы орта және жоғары деңгейдегі дене белсенділігімен күніне кемінде 60 минут айналысуы қажет. Дене белсенділігімен күніне 60 минуттан аса айналысу денсаулыққа қосымша пайда алып келеді. Күнделікті айналысатын жаттығулардың көп бөлігі аэробикаға арнаулы, сонымен қатар қарқындылығы жоғары болуы және бұлшық ет пен сүйек тіндерін күшейтетін жаттығуларды қамтуы қажет, жаттығумен аптасына кемінде 3 рет айналысу керек.