Мектепке дейінгі ұйым базасындағы консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі » ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№161 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Басшы:
+7(727) 263-75-31
Әдіскер:
+7(727) 227-34-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектепке дейінгі ұйым базасындағы консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
03
қыркүйек
2024

Мектепке дейінгі ұйым базасындағы консультациялық пункттердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі

Консультациялық пункттер Білім басқармасының (Бөлімінің) шешімі бойынша мектепке дейінгі ұйымдар базасында құрылады.
 Консультациялық пункттердің болуы мектепке дейінгі ұйымның Жарғысында көрсетіледі. Мектепке дейінгі ұйым жанында олардың қызметін ұйымдастыру кезінде ҚР БҒМ 2020 жылғы 18 мамырдағы №207 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына» бағдарлану қажет.
 Балалардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келісім-шарт жасалады (№1 қосымша).
 Консультациялық пункттердің қызметі халықтың әлеуметтік тапсырысының болмауына байланысты, бала күтімі  экономикалық жағынан орынсыз болған жағдайда мектепке дейінгі ұйымның бастамасы бойынша және (немесе) Білім басқармасының (Бөлімінің) шешімі бойынша тоқтатылуы мүмкін. Консультациялық пункттер мамандарының жұмыс кестесін мектепке дейінгі ұйым халықтың әлеуметтік тапсырысын ескере отырып дербес айқындайды.
 Білім беру процесіне мектеп жасына дейінгі 1 жастан бастап балалар, ата-аналар (заңды өкілдер), мамандар, әлеуметтік және медициналық ведомстволардың өкілдері қатыса алады.
 Консультациялық пункттердің қызметі:
 - балабақшаға бармайтын 1-2 жастағы балалардың ата-аналары үшін пункттің қызметін реттейтін консультациялық пункт туралы нұсқаулықпен (5-қосымша);
 -  мектепке дейінгі ұйымның жарғысымен;
 - мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар (заңды өкілдер) арасындағы келісім-шартпен реттеледі.
 Ата-аналарға (заңды өкілдерге) және балаларға қызмет көрсету үшін балабақшаның мынадай қызметкерлері: әдіскер, тәрбиеші, музыкалық жетекші, дене шынықтыру нұсқаушы, педагог-психолог, логопед, медбике  тартылады
 Мамандар ата-аналарға (заңды өкілдерге) ұсынымдар береді және оларға өз құзыреті шегінде консультация береді.
 Көмек тегін көрсетіледі. Ата-аналар (заңды өкілдер)  алғашқы жүгінген кезде консультация ала алады немесе мектепке дейінгі ұйымның нақты қызметкерімен кездесу туралы келісе алады.
 Өтініш  «Ата-аналардың сұрауларын алдын ала тіркеу журналында», сондай-ақ ата-ананың (заңды өкілінің) қалауы бойынша тіркеледі, тіркеу парағы толтырылады (күні, ата-ананың  Т.А.Ә. және консультациялық пункт маманының Т.А. Ә.). Мұндай парақ, егер ата-аналар (заңды өкілдер) қабылдауға алдын ала тіркеусіз келген жағдайда да толтырылады.
 Алынған мәліметтер негізінде маман көмек көрсетудің ең тиімді әдісін таңдайды, балаға қажетті әдебиеттерді, пайдалы жаттығуларды, ойындар мен ойыншықтарды ұсынады, түзету және дамыту технологиялары бойынша жаттығулар өткізеді. Ауызша консультациялардан басқа ата - ана (заңды өкіл) баспа (буклеттер, жаднамалар, практикалық материалдарды іріктеу) және электрондық тасығыштарда (фото және бейнематериалдар, флэш-карталар, балабақша сайтына кіру) пайдалы ақпарат алады.
 Егер ата-анаға (заңды өкілге) маман таңдау қиын болса, оған мектепке дейінгі ұйымның әдіскері көмектеседі. Әдіскер әңгіме барысында туындаған мәселені анықтайды және ата-ананы осы мәселедегі ең құзыретті консультантқа жібереді.
 Консультациялық пункттер көрсетілген әдістемелік, психологиялық-педагогикалық, диагностикалық және консультациялық көмектің есебін жүргізеді.
 Консультациялық пункттер құжаттамаларының тізбесі:
 - консультациялық пунктте ата-аналардың (заңды өкілдердің) өтініштерін есепке алу журналын (2-қосымша);
 - консультациялық пункттердің жұмыс кестесін;
 - консультациялық пункттерінің жұмыс жоспарын (3-қосымша) қамтиды.
 Консультациялық пункттегі ата-аналардың өтініштерін есепке алу журналында мамандармен күнін, уақытын, тақырыбын және маманның ұсынымдарын көрсетеді.
 Осылайша, ата-аналар балалармен әр түрлі әрекеттерде білім, білік және дағдыға ие болады, баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бірлесіп ойындар ойнауды үйренеді. Аналар балаларды тәрбиелеу мен дамытуда тәжірибе алмасады, өздерінің ата-аналық ұстанымдарын талдайды. Демек, ата-аналар балаларды  ерте жастан бастап дамыту және онымен өзара әрекет ету мәселелерінде құзыретті болады.

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕРДЕ АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Ата-аналардың мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі қиындықтары көбінесе олардың психологиялық-педагогикалық біліктілігінің жеткіліксіздігімен байланысты. Қазіргі педагогикалық оқу құралдарының көптігіне қарамастан, олар әрбір нақты отбасының мәселелерін шеше алмайды. Сондықтан ата-аналарға мамандардың консультациялық көмегі қажет.
 Мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-аналарына (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету талдау, ақпараттық,  әдістемелік-ұйымдастырушылық, консультациялық қызметті қамтиды.
 Талдамалық  қызмет:
 мектепке дейінгі сапалы білім алу мәселелерінде ата-аналардың қажеттіліктеріне мониторинг жүргізу;
 тәрбиелеу және дамыту, күту  мәселелеріндегі қиындықтарды анықтау;
 әдістемелік көмек көрсетудің жайы мен нәтижелерін зерделеу және талдау, оны жетілдіру бағыттарын айқындау.
 Ақпараттық қызмет:
 педагогикалық ақпараттың деректер банкін қалыптастыру (нормативтік-құқықтық, ғылыми-әдістемелік және т. б.);
 ата-аналарды мектепке дейінгі білім беруді дамытудың жаңа бағыттары туралы, дамытушы бағдарламалардың мазмұны, оқу-әдістемелік жиынтықтар, бейнематериалдар, олардың сұраныстарына сәйкес әртүрлі бағыттағы мамандардың ұсыныстары туралы хабардар ету;
 инклюзивтік тәрбие мәселелері бойынша бірыңғай білім беру кеңістігін құру.
  Әдістемелік- ұйымдастырушылық қызмет:
 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері бойынша әдістемелік сүйемелдеу және практикалық көмек көрсету сұраныстарын зерделеу;
 балаларды дамытудың жеке бағдарламаларын әзірлеуге қатысу (ата-аналардың сұрауы бойынша);
 анықталған қажеттіліктер негізінде ата-аналармен жеке жұмыстың перспективалық жоспарын құру;
 ата-аналарды  консультациялық пункттің жұмыс тәртібі туралы хабардар ету.
 Консультациялық қызмет   келесідей  мәселелерді:
 -  балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктерін;
 -  ерте жастағы балаларды тәрбиелеу және дамыту ерекшеліктерін;
 - ерте жастағы балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқулардың алдын алуды;
 -  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың даму бұзылыстарын түзету және дамытуды;
 - балаларды әлеуметтендіруді;
 - балаларды балабақшаға  барған кезде бейімдеуді;
 - дамыту бағдарламасын таңдауды;
 - ойын әрекетін  ұйымдастыруды;
 - балалардың тамақтануын ұйымдастыруды;
 - балаларды шынықтыру және сауықтыру үшін жағдай жасауды;
 - балаға жеке ерекшеліктеріне сәйкес білікті көмек көрсете алатын білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау жүйесі ұйымдары туралы ақпарат беруді қамтиды.
 Ата-аналарға көрсетілген көмекті есепке алуды тіркеу журналында консультация өткізу күні мен уақыты, тақырыбы,  мәселелер немесе ата-аналардың сұрақтары жазылады, олардың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.
 Консультациялық пункт қызметі туралы есеп жылына 2 рет әзірленеді және ағымдағы жылдың 30 маусымы мен 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Білім басқармасына (бөліміне) жіберіледі.
 Оқу жылының соңында МДҰ-мен қамтылмаған балалардың (1-2 жас) ата-аналарына (заңды өкілдеріне) консультациялық пункт психологиялық-педагогикалық, диагностикалық және консультациялық көмек жұмысына талдау жүргізіледі.
 Талдау Консультациялық пункт жұмысы туралы статистикалық есеп нысанында жүргізілуі мүмкін. Талдауда МДҰ-ның атауы мен нөмірі, консультациялар мен келіп түскен мәселелердің тақырыптары, мамандардың ұсынымдары,  ата-аналардың (заңды өкілдердің) тегі мен аты-жөнімен  өтініш бергендердің саны көрсетіледі.