Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған Жадынама » ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№161 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Басшы:
+7(727) 263-75-31
Әдіскер:
+7(727) 227-34-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған Жадынама
02
ақпан
2024

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған Жадынама

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
 ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА

Құрметті ата-аналар!

Жедел қызметтердің деректері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың жарақаттануы және қаза болуы көбінесе өрт шығу, жол жүру ережелерінің бұзылуы, өзен-көлдерде шомылу, жұқа мұзда конькимен сырғанау, ойын кезінде орын алады. Қауіп табиғи апаттардан, уландырғыш заттардан, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудан және т.б. туындайды.

Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті.

Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:

- баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
 - балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзі-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
 - мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, мектепке дейінгі ұйым басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
 - баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
 - балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
 - балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
 - өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
 - көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ұйымға дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
 - балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
 - қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке дейінгі ұйымға тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
 - балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
 - балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
 - мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
 - төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласыңыз.