Психолог кеңесі. "Бала қорқыныштары" » ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№161 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Басшы:
+7(727) 263-75-31
Әдіскер:
+7(727) 227-34-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Психолог кеңесі. "Бала қорқыныштары"
01
шілде
2025

Психолог кеңесі. "Бала қорқыныштары"


Кез келген кішкентай бүлдіршіннің бойында бір қорқынышы болады. Психолог мамандардың айтуынша, баланың қорқынышы әртүрлі себептерден пайда болады. Көп жағдайда генетикалық фактор негізінде болатын қорқыныш жиі кездеседі екен. Яғни ана арқылы берілетін қорқыныш. Жүкітілік кезіндегі ананың қараңғыдан, қатты дауыстан, жәндіктерден, авто көліктен т.б. секілді қорқыныштары іштегі балаға тікелей беріледі. Қорқыныш дегеннің өзі — бір нәрседен жүрексініп сескенгенде, шошығанда пайда болатын сезім, қауіп-қатер, үрей. Функциялық тұрғыдан қорқыныш субъектіге алдағы қауіп туралы ескерту болып табылады. 


Бала бойындағы қорқынышыты жеңу үшін, ең алдымен оның бастау көзін анықтау керек. Кейде ата-аналар айтқанымды тыңдатамын немесе тәрбиелеймін деген мақсатпен өз перзенттерін өздері қорқытады. Ал осының салдарынан бала жасқаншақ болып өседі.  Мысалы, «Сен егер қазір тыныш отырмасаң, итке беріп жіберемін», «жалмауыз кемпір жеп қояды» деген секілді сөздердің өзі балаға қатты әсер қалдырады. Сондықтан ата-ана мен тәрбиеші ең алдымен өздерінің сөздерін ой-елегінен өткізгені дұрыс. Сонымен қатар, ұйықтар алдында ата-ана ертегінің ішіндегі жағымсыз кейіпкерлерді үрей туғызып немесе баланы қорқытып айтуына болмайды. Күнделікті шашылған ойыншықтарды балаңыздан жинастыруды сұрасаңыз, бірақ ол тыңдамай немесе сізге еркелесе, сіз оны өз еркімен жинауы үшін: «Дәрігер апайыңды шақырып, укол салдыртамын» немесе «Ойыншықтың бәрін Арманға беріп жіберемін», «Қараңғыға қамап қоямын» т.б. секілді себептер айтып, баланы қорқыту арқылы өз дегеніңізге жетуіңіз мүмкін. Алайда салдарынан балаңыздың бойында шошыну, энурез, тұтығып сөйлеу, жалғыздық секілді қорқыныштар пайда болуы мүмкін. Отбасындағы ұрыс-керіс те балаға өз кері әсерін тигізеді. Сондықтан ең бірінші үлкендер баланың бойындағы қорқыныш пен үрейден арылту үшін өз істеріне, сөздеріне абай болуы қажет.