Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультативтік пункт туралы ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелері
1.1. Осы ереже МДҰ-ның консультативтік пунктінің қызметін реттейді. Консультативтік пункт МДҰ-ға бармайтын 1-жастан 6 жасқа дейінгі балалар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін құрылады және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын МДҰ-ның құрылымдық бөлімі болып табылады.
1.2. Құру мақсаттары - отбасылық және қоғамдық тәрбиенің бірізділігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялықпедагогикалық көмек көрсету, МДҰ-ға бармайтын бала тұлғасының жан-жақты дамуын қолдау.
1.3. Негізгі міндеттері: - балалардың дамуына жағдай жасауға жан-жақты көмек көрсету; - бала тәрбиесіне, оқуы мен дамуына қатысты әртүрлі мәселелер бойынша консультативтік көмек көрсету; - балалардың әлеуметтенуіне ықпал ету; - балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтарға кешенді профилактика өткізу;
МДҰ мен балалар мен ата-аналарды (заңды өкілдерді) әлеуметтік және медициналық қолдайтын басқа ұйымдар арасында әрекеттестікті қамтамасыз ету; күрделі асқынулардың алдын алу мақсатында ерте кезеңде баланың мүддесіне қатысты жанжалдарды, қиын жағдайларды тану, болжау және шешу.
ІІ. Консультативтік пункт қызметін ұйымдастыру
2.1. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған лекторийлерді, теоретикалық және істәжірибелік семинарларды, ата-аналардың сұрауы бойынша жеке және топтық консультацияларды ұйымдастыру, жазбаша өтініші, телефонмен қоңырау шалу, МДУ сайтының жұмысын ұйымдастыру бойынша сырттай консультация өткізуді ұйымдастыру және т. б.
2.2. Консультативтік пункт төмендегі мәселелер бойынша ата-аналарға (занды өкілдерге) көмек көрсете алады: МДҰ-ға бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды әлеуметтендіру. Балалардың жас, психофизиологиялық ерекшеліктері. Мектепте оқуға дайындық. МДҰ-ға бармайтын мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық, психикалық және әлеуметтік дамуындағы әртүрлі ауытқушылықтардың алдын алу.
• Білім беру бағдарламасын таңдау. Ойын қызметін ұйымдастыру. Балалардың тамақтануын ұйымдастыру. Балаларды шынықтыру мен сауықтыруға жағдай жасау. Әртүрлі санатты отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қорғау.
2.3. Отбасына көмек көрсету мақсатында Консультативтік пункт мамандары әңгімелесу формасында, диагностикалық зерттеулер жүргізу, балаларды қадағалауды ұйымдастыру арқылы қосымша ақпарат алу үшін балалармен жұмыс жүргізе алады және т. б.
2.4. Консультативтік пунктте ата-аналармен (заңды өкілдермен) және балалармен жұмыс әртүрлі формада өткізіледі: топтық, жеке.
2.5. Консультативтік пункт таңғы және (немесе) кешкі уақыттарда аптасына 2-3 рет жұмыс істейді.
2.6. Ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру мына мамандардың қызметтерін ықпалдастыру негізінде құрылады: тәрбиешінің, педагог-психологтың, логопед мұғалімнің, медициналық қызметкердің және басқа мамандардың. Консультативтік пунктке жұмысқа тартылған мамандар саны МДУ түрімен, оның кадрлық құрамымен анықталады.
2.7. Педагогтердің құқықтары, әлеуметтік кепілдіктері мен жеңілдіктер заңнамасымен, еңбек шартымен анықталады.
2.8. Консультативтік пункт қызметін тіркеу үшін келесі құжаттаманы жүргізу қажет: - жүгінулерді тіркеу журналы; - консультативтік пунктке келу журналы; - консультативтік пункт жұмысының жоспары; консультативтік пункт жұмысының кестесі; - өткізілген дәрістер, семинарлар кестесі және
т. б.; - ата-аналар (заңды өкілдер) мен МДҰ басшысы арасындағы шарттар, оған тараптардың өзара құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі кіреді.
2.9. Консультативтік пункт бұйрығымен және (ББ бұйрығының атауы) бұйрығымен ашылады, онымен (МДҰ басшысы бұйрығының атауы) Консультативтік пункт туралы ереже, штаттық кесте, қызметкерлердің лауазымдық міндеттері, жұмыс тәртібі бекітіледі. Консультативтік пунктті ол жанында құрылған МДУ басшысы тікелей басқарады.