«Сурет салу тәсілі» мастер класс! Консультациялық балалрмен жұмыс жүргізілді. » ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№161 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Басшы:
+7(727) 263-75-31
Әдіскер:
+7(727) 227-34-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сурет салу тәсілі» мастер класс! Консультациялық балалрмен жұмыс жүргізілді.
23
желтоқсан
2025

«Сурет салу тәсілі» мастер класс! Консультациялық балалрмен жұмыс жүргізілді.

«Сурет салу тәсілі» мастер класс!

Кіріспе:
 
Дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салу, мүсіндеу, қол еңбегі бүлдіршіндердің ең сүйікті ісі де болады. Өйткені, бояу әлеміне ену, оны қолмен ұстап, сезіну арқылы салынған дүние – балалардың танымдық деңгейін ғана емес, сонымен бірге қоршаған ортаға деген қызығушылығын да арттырады. Сондықтан болар, дәстүрден тыс әдіс арқылы бейнелеу:
  -баланың психикасына (эмоционалдық жағдайына);
  -логикалық ойлау қабілетіне;
  -саусақ моторикасының дамуына;
  -қағаз бетіне бағдарлай білуді;
  -көзбен көріп, мөлшерлей білуді;
  -эстетикалық талғамының қалыптасуына зор ықпал етеді.
 Жалпы, мектепке дейінгі мекемелердегі бейнелеу өнерінің, мүсіндеудің, табиғи материалдармен жұмыс жасаудың  шығармашылық қабілеттерін шыңдауда балалар үшін маңызы зор. 
Өз түсінгенін бұқпасыз, боямасыз жеткізетін жеткіншектің бояу арқылы бағдарлауында тәрбиешінің орны ерекше. Сондықтан да, өзімнің шығармашылық жұмысымның арқауы ретінде осы дәстүрден тыс әдіс арқылы сурет салуды, мүсіндеуді, қол еңбегін алуды жөн көрдік. Аптасына бір рет өткізілетін бұл іс-әрекеттер балалардың қиялын, ой-өрісін дамытады, щығармашылыққа жетелейді.

Мақсаты:
 
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық ойлау қабілетін, мәдениетін дамыту. Шығармашылық іскерліктері мен эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Міндеттері:
 
Балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, бір затты әр қырынан көре білулеріне, жасаған жұмыстарын талдауға, өз ойларын жеткізе білулеріне машықтандыру.
 Бейнелеу өнеріне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту.
 Саусақ моторикасының дамуына, эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал ету.
 Сурет өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.
 Бастаған істі аяғына жеткізуге, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей отырып, рухани – адамгершілік қасиетін дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.