Ашық орган - ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район http://161.almatybala.kz/ ru Ашық орган - ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район DataLife Engine Психологтың кеңесі тақырыбы: "Балаларды мектепке дайындау" http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/983-psihologty-kees-tayryby-balalardy-mektepke-dajyndau.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/983-psihologty-kees-tayryby-balalardy-mektepke-dajyndau.html  Балаларды мектепке дайындау.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің

қалыптасу деңгейінің өзара байланысы» Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы

балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата

- аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни

балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс - тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне

ата - аналар көп әсер етеді.

Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.

Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.

Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау

1. Бала негізгі ұғымды меңгерген бе, мысалы: оң жақ, сол жақ, үлкен, кіші

2. Аяқталмаған оқиғаның соңын болжай алады ма?

3. Үш нұсқауды есіңе сақтап, орындай алады ма, мысалы: қуыршақты алып кел

Базалықтәжірибесін анықтау

2. Балаңыз кітапханада болды ма?

3. Хайуанаттар бағына, музейге т. с. с барған ба?

4. Сіз балаңызға үнемі ертегі немесе қызықты оқиғалар оқып бересіз бе?

Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау

1. Өзін қоршаған ортадағы негізгі заттарды атай алады ма?

2. Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере алады ма?

3. Заттардың не үшін керек екендігін айта алады ма?

4. Заттардың қайда тұрғанын айта ма?

5. Оқиғаларды немесе ертегі - әңгімелерді әңгімелеп айтады ма?

6. Сөздерді анық, дұрыс айтады ма?

7. Грамматикалық жағынан сөздерді дұрыс айтады ма?

8. Басқа балалармен қарым - қатынасқа оңай түсе алады ма?

Эмоционалды даму деңгейін бағалау

1. Көңіл - күйі қандай болып жүреді?

2. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді ме?

3. Күн тәртібі өзгерген жағдайда тез бейімделеді ме?

4. Өз еркімен жұмыс жасайды ма, достарымен жарысқанды ұнатады ма?

 Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау

1. Басқа балалармен ойнайды ма, ойыншықтарымен бөліседі ме?

2. Кей жағдайларға байланысты кезек сақтайды ма?

3. Басқалардың сөзін бөлмей тыңдай алады ма?

Физикалық даму деңгейін бағалау

1.Есту қабілеті жақсы ма?

2. Көру қабілеті жақсы ма?

3. Бірнеше уақытқа дейін тыныш отыра алады ма?

4. Жалпы қимыл – қозғалысы жақсы дамыған ба, мысалы: доп еркін ойнау,

баспалдақпен жүру т.с.с

Белсенді,шымыр, шапшаң көрінеді ме?

Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген

пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?

Бірінші сыныпқа баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда,

қазіргі заман оқу бағдаралмасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе — жақсы! Балаға

жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып

санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.

Көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін

ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады.

Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек.

Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:

1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;

2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;

3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;

4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;

Әлеуметтік-психологиялық дайындық

Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланыңмектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке келген бала «оқимын» деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның себебі әр түрлі болады: бір балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы

келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу іс-әрекеттеріне  шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек.

Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік-жігерінің даярлығы болып саналады. Баланың әркеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш пен бойындағы қабілеттерін жұмсай білуі, қиындықтарды жеңе білуі балалардың психикалық үрдістерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер балалардың оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінен өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп

бала үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының нашарлануына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас

және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.

Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеген асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер, бала-бақша психологтары. Психологтың міндеті: психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау.

]]>
 Балаларды мектепке дайындау.

admin Fri, 23 May 2025 14:40:43 +0600
Баяндама тақырыбы: «Жемқорлықсыз жол: сенімді жол» http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/988-bajandama-tayryby-zhemorlysyz-zhol-senmd-zhol.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/988-bajandama-tayryby-zhemorlysyz-zhol-senmd-zhol.html ]]>  Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік құбылыс. Оның себебін, мағынасын толық түсіну мүмкін емес, деп есептейді ғалымдар. Бір ғана факт бар: жемқорлық – қоғамның дамуын тежегіш фактор. Бұл ұғымның ресми түсіндірмесі бар. Латын тілінен аударғанда сыбайлас жемқорлық – сындыру, бүлдіру, зақымдау, құлдырау деген мағынаны білдіреді. Латын термині «corruptio» екі түбірден құралған сөз: «cor» - жүрек, жан, рух, ал «ruptum» - бүлдіру, бұзу. Демек, «сыбайлас жемқорлық» сөзінің астарында тек лауазымды тұлғаның пара алуы немесе бюджет қаржысын қалтасына басуы емес, сонымен қатар әлеуметтік жүйе, мемлекеттік билік жүйесінің құлдырауы ұғымдары жатыр.
Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана дегеніміз – бұл адамдардың жемқорлық әрекетті әлеуметтік зұлымдық әрі қауіпті әрекет деп қабыладуы, оған қарсы пайда болатын ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.
Сыбайлас жемқорлық ежелден келе жатқан құбылыс. Тіпті жер бетіне адам пайда болғаннан бері келе жатқан құбылыс болуы мүмкін. Әрине, тарихи процесс барысында жемқорлық түрлері өзгеріп келеді. Қазіргі таңда жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымды адамның өзге адамның пайдасына шешілген әрекеті үшін ақшалай, бағалы қағаз немесе мүлік ретінде алған парасы, лауазымды адамның қызметін пайдаланып туысын, жақынын қарамағына жұмысқа алу, мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттың бір бөлігін өз қалтасына салу, мемлекеттің мүлкін талан-таражға салу.
Атақты француз философы Шарль Монтескье: «ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам қылмыс жасауға бейім тұрады және тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасайды», - деп жазды.
Әр елдің тарихында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер туралы жазба деректер бар. Ресей тарихында бірінші сыбайлас жемқорлық әрекеттерін шектеу заңнамасын III Иван жазыпты. ХVI ғасырдың ортасында Иван Грозный парақорлыққа қатаң тыйым салып, өлім жазасына кесуді бұйырған. Ол 1561 жылы Сот грамотасын енгізді, онда жергілікті земство басқармасының сот шенеуніктеріне пара алғаны үшін өлім жазасы түрінде санкция белгіленді. А.М. Романовтың кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған жалғыз халықтық бүлік болды. Ол 1648 жылы Ресей жерінде мәскеуліктердің жеңісімен аяқталды. Қаланың жартысы бейбіт тұрғындарымен өртеніп кетті, алайда патша екі министрді — Земстволық бұйрықтың басшысы Л.Плещеевті және Пушкарлық бұйрықтың бастысы П.Траханиотовты көпшілікке азаптауға берді. 1649 жылы қабылданған Соборлық Ережеде парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және пайда табу мақсатында қызмет бабын теріс пайдалану сұрақтары көрініс табады. Соборлық Ереженің 5 және 7- баптарында сот органдарының лауазымды тұлғаларының сыйақы алғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, ал 6-бапта субъектінің шеңбері кеңейтілді, сот шенеуніктері қызметін атқаратын тұлғаларға пара алғаны үшін жауапкершілік көрсетілген. I Петр кезеңінде сыбайлас жемқорлық етек жайды және онымен қатал күрес жүргізілді.
Зар заман ақындарының шығармаларында жемқорлық жиі сөз болғанына қарағанда, ХІХ ғасырда қазақ даласында сыбайлас жемқорлық болған. 
]]>
admin Tue, 13 May 2025 08:57:55 +0600
Медбикенің кеңес беру материалдар: "Емдейтін ойындар" http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/968-kees-beru-materialdar-emdejtn-ojyndar.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/968-kees-beru-materialdar-emdejtn-ojyndar.html Бала ауырған кезде үлкен қиындық туғызады. Жетілмеген ағзада аурумен күреседі және біз балаға барлық күш-жігерімізбен көмектесуге тырысамыз: біз оны ең жақсы мамандардан тексеруден өткіземіз, ең тиімді дәрі-дәрмектерді аламыз, әйтеуір бір амалын табуға тырысамыз.

Мұның бәрі күрделі аурудың  ағымымен келгені дұрыс. Алайда, біздің назарымыздан тыс қалған бірнеше сәттер бар.

Сондықтан балалар денесінің психофизиологиялық ерекшеліктері өте маңызды рөл атқарады. Егер ересектерде аурулардың 70%-дан астамы психосоматикалық негізге ие болса, психоэмоционалды жағдай қалпына келтіруде оң рөл атқарады. Бұл организмнің біздің психоэмоционалды проблемаларымызға реакциясы, содан кейін балаларда ауру көбінесе ата-аналардың алаңдаушылықты қабылдаудың нәтижесі болып табылады. Дәл осы жерде біз балалардың ауырған кездерін көреміз. Бұл жағымсыз эмоционалды фон баланың қалпына келуіне кедергі келтіреді.

Бала денесінің тағы бір ерекшелігі - ағзалардың үнемі өсуі. Демек, күшті қан ағымы бағытталған бұлшықеттер, яғни қозғалыстағы мүшелер қарқынды дамиды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі жастағы бұлшықет жүйесінің негізгі реттеу механизмдерімен тығыз байланысы бар екені белгілі. Шектеулі қозғалыс ауру органға ғана емес, жалпы жүйке, эндокриндік медиаторлық жүйелерге де теріс әсер етеді.

Шектеулі қозғалыста (бала ауырады немесе жаңа ғана қалпына келді және тыныштықты қажет етеді) қалыптың бұзылуына, тыныс алу функцияларының әлсіреуіне, қан айналымына әсер етеді. Балалардағы табиғи қозғалыс белсенділігінің төмендеуі қозғалыс кезінде пайда болатын тітіркену ағынының төмендеуіне және терінің, бұлшықеттердің, буындардың, көру және есту анализаторларының ми қыртысына баратын жүйке жүйелерінің қабылдануына әкеледі. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың бұзылуы дамуы мүмкін: эмоционалды тонус төмендейді, жүйке - бұлшықет аппараты әлсірейді, жүрек - тамыр және тыныс алу жүйесі әлсіз жұмыс істейді. Демек, дене тұтастай әлсірейді, бұл жиі ауруларға әкеледі.

Адамның дамуындағы қозғалыстың рөлі туралы бұл бақылаулар медицинаның бүкіл саласында - емдік - профилактикалық дене шынықтыруда көрініс тапты.

Көптеген көрнекті адамдар (мысалы, В. Дикул) таблетка мен инъекция сәтсіз болған кезде денсаулығын қалпына келтіре алды. Тек дұрыс ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігі денеге ауруды жеңуге көмектесті. Олар ауру мен ескі әдеттерге қарамастан дене автоматты түрде мұрын арқылы тыныс алу сияқты дұрыс әрекеттерді орындайтын бірнеше жаттығулардың арқасында дұрыс қозғалыс, тыныс алу дағдыларын қалыптастыра алды.

Алайда, баланың психикасы, әсіресе ерте жаста, нәрестені кез - келген, тіпті ең пайдалы жаттығуларды мақсатты түрде орындауға мәжбүрлеу мүмкін болмайтындай етіп жасалған. Бала мұны «қажет» және «пайдалы» болғандықтан емес, оны жақсы көретіндіктен қызықтыруы керек. Сондықтан біз ойнауды үйренеміз, ойын жаттығуларын қолданамыз.

Бұл өсіп келе жатқан ағзаның қозғалыс қажеттіліктеріне сәйкес келетін дұрыс жасалған қозғалыстарды қанағаттандыру ғана емес, қуаныш пен эмоционалды көтерілу. Терапевтік ойындарды қолдану нәтижесінде біз балаларды емдеп қана қоймай, жан-жақты, үйлесімді физикалық және психикалық дамуға, қозғалыстарды үйлестірудің, ептілік пен дәлдіктің маңызды емес дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеміз. Таза ауада өткізілген ойындар денені қатайтады, иммунитетті нығайтады.

Ойын барысында күтпеген, күлкілі жағдайлар жиі кездеседі-бұл балаларда және ата-аналарда шынайы күлкі тудырады. Кездейсоқ көңілді атмосфера баланың ауруға «кетуіне» жол бермейді, ата-аналарға оған көбірек көңіл бөлуге және балалармен сүйіспеншілік пен қамқорлық пен қуаныш атмосферасында бірлескен қарым-қатынасты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ең күшті емдік фактор.

Бір-бірінен кейінгі және ұзақ назар аударуды қажет ететін және тек бір дағдыны дамытуға бағытталған ойындар баланы шаршатады. Ойындар жан-жақты әсер ететіндей етіп біріктірілуі керек. Мысалы, метаболизм бұзылған ойындар дұрыс мұрынмен тыныс алуды қалыптастыратын ойындармен ауысады.

Тыныс алу жаттығулары

]]>
Бала ауырған кезде үлкен қиындық туғызады. Жетілмеген ағзада аурумен күреседі және біз балаға барлық күш-жігерімізбен көмектесуге тырысамыз: біз оны ең жақсы мамандардан тексеруден өткіземіз, ең тиімді дәрі-дәрмектерді аламыз, әйтеуір бір амалын табуға тырысамыз.

admin Tue, 08 Apr 2025 18:22:42 +0600
Ұлттық ойын – тәрбиенің бастауы. Ұмыт болған "Ботай" ойыны http://161.almatybala.kz/o-detskom-sade/tv-video/936-ltty-ojyn-trbien-bastauy-myt-bolan-botaj-ojyny.html http://161.almatybala.kz/o-detskom-sade/tv-video/936-ltty-ojyn-trbien-bastauy-myt-bolan-botaj-ojyny.html

]]>

]]>
admin Fri, 28 Mar 2025 16:33:20 +0600
Тәрбиешілер мен ата-аналарға арналған кеңестер. http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/930-trbieshler-men-ata-analara-arnalan-keester.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/930-trbieshler-men-ata-analara-arnalan-keester.html

]]>

]]>
admin Fri, 14 Mar 2025 15:00:30 +0600
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік дамуы. Логопед маманы Ілияс А. http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/929-mektep-zhasyna-dejng-balalardy-tldk-damuy-logoped-mamany-lijas-a.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/929-mektep-zhasyna-dejng-balalardy-tldk-damuy-logoped-mamany-lijas-a.html

]]>

]]>
admin Fri, 21 Feb 2025 13:20:40 +0600
«Жемқорлық індет, жою міндет» http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/987-zhemorly-ndet-zhoju-mndet.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/987-zhemorly-ndet-zhoju-mndet.html admin Wed, 19 Feb 2025 18:00:02 +0600 Сыбайлас жемқорлыққа - жол жоқ! Дөңгелек үстел http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/986-sybajlas-zhemorlya-zhol-zho-dgelek-stel.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/986-sybajlas-zhemorlya-zhol-zho-dgelek-stel.html Дөңгелек үстелдің мақсаты: 

         Қоғамның әртүрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дөңгелек үстелдің көрнекілігі: Тақырыптық слайд, бейнеролик.

Дөңгелек үстелдің өту әдісі: піралмасу , сөздік

Дөңгелек үстелдің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) мақсатын айту

2) қатысушылармен таныстыру

 1.Балабақша әкімшілігі

2. Балабақша ұжымы

IІ.Негізгі бөлім 

Баяндамалар тыңдау:

 А.«Сыбайлас жемқорлық» -деген не?

 Б. Жемқорлықтың пайда болуымен күресу.

 В. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамалары

 С. Қазақстандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» шаралары мен

әдістері.

            «Сыбайлас жемқорлық» - деген түсінік мағынасына этимологиялық тұрғысында қарау, мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «соrruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға, пара сатып алу» -деген түсінік бергенде а қарсы іс – әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас – жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипатталады.Қоғамдағы лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалануды, билік етуді немесе лауазымдық өкілеттілікті арттыру, қызметтік жалғандық, сеніп тапсырылған мүліктерді ұрлау және иелену, біле тұра өтірік айғақ көрсетуді, куәларды, жәбірленушілерді немесе сарапшыларды сатып алу, сот шешімдерін, үкімдерін және басқаларды лауазымдық тұлғалардың орындамауы, сыбайласқан байланыстарды қолдау жиі кездесетінін көрсетіп отыр.Қарапайым түсінік бойынша бәрінен бұрын сыбайлас жемқорлықты мемлекеттік қызметпенбайланыстырады. Бар беталысқа қарамастан және басқа салада – үкімет билігі және жеке кәсіпкерлердің әкімшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы таратуда – мемлекеттік лауазымдық тұлғалар арасында сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған заң аса егжей – тегжейлі әзірленген. Шынында да мемлекеттік қызметшілер анағұрлым ауқымды дискрециялық өкілеттілікті иелене және көбінде бақылаусыз әрекет ете отырып, өз мүдделерінде және мемлекеттік мүддесіне қарамастан лауазымдық мансаптығын қолданудың барлық мүмкіндігін иелене алады.

ҚР «Сыбайлас – жемқорлықпен күрес туралы» заңы сыбайлас – жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: «...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай – ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай – ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу».Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықтың» пайда болуымен күресудің бірнеше әдістері ұсынылды:

Заңды қатайтып және оның орындалуын қатаң қадағалау, сол арқылы жазалау қаупін күшейту.

Лауазымды адамдарға ережелер мен заңдарды бұзбай өздерінің кірістерін көбейтуге мүмкіндік беретін экономикалық механизмдерді туғызу.

Нарық пен бәсекелестіктің рөлін күшейту, сол арқылы сыбайлас жемқорлықтан түсетін ықтимал пайданың көлемін азайту.

Қазақстанда сондай – ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіп, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік – құқықтық актілер де қабылданды. Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.

IV. Жағдаяттарды шешу, талдау

1. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)

2.Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.

Сұрақтар: 

1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген? 

2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады? 

3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?

V.Қорытынды

Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдермен айығуды міндет етіп қойдық. Әрине, біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Құрметті, ұстаздар, әрқашан да адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар. Адамға өмір бір-ақ рет беріледі. Сол өмірді әр жылын жарық күнде, бейбіт өмірде өткізу бәріміздің міндетіміз!

]]>
Дөңгелек үстелдің мақсаты: 

admin Wed, 15 Jan 2025 17:50:59 +0600
Психолог кеңесі. Жоспар бойынша тақырыбы: "Отбасылық тәрбиенің баланың дамуына әсері" http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/866-psiholog-kees-tayryby-otbasyly-trbien-balany-damuyna-ser.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/konsultacijaly-punkt/866-psiholog-kees-tayryby-otbasyly-trbien-balany-damuyna-ser.html Отбасылық тәрбиенің баланың дамуына әсері

Бала тәрбиесі ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Баланың өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Қай халық болсын ұрпағының тәрбиесіне терең мән беріп, болашағына үнемі алаңдаушылықпен қараған. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз – адамгершіліктің асқар шыңы. Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен ардақталады. Адамгершілік негізі – имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған. Ер балаларға үлкендерге қос қолдап сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап жол беруді, жасы үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық, кішіпейілділік қағидаларын үнемі сіңірумен болған. Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» дейді. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдіетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бүгінгі бәсекеге қабілетті талап еткен қоғамда жас ұрпақты сол қоғам мүддесіне сай, оның мұң-мұқтажын өтерлік, елін, жерін, халқын көзінің қарашығындай қорғайтын ұлтжанды, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу көзделінеді. Бүгінгі ұрпақ – еліміздің болашағы. Біздің алға қойған мақсатымыз – қазіргі қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды тұлға өсіру.

Жеке тұлғаның өзін қоршаған ортадан тәрбиені бойына сіңіріп өсуін өсімдіктің күн сәулесі арқылы өскені сияқты қарастыруымызға болады.

Күн сәулесі өсімдік тіршілігіне қандай қажет болса, тәрбие тұлғаның дұрыс өсіп жетілуіне соншалықты қажет. Ұрпағымызға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның жан дүниесі де дұрыс қалыптасып жетіледі, яғни бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп өседі. Бұл қасиеттердің бәрі адамның бойында бала кезінен бастап тұрақты қалыптаспақ. Баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы жақсы мен жаманды ажырата білуі өзін қоршаған ортасына, мұғаліміне, ата-анасына, құрбы-құрдастарына, олардың іс-әрекеттеріне және де басқа да қасиеттеріне байланысты.

Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақта ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.

Әке-шешесі жақсы болса, балалары да жақсы тәрбие алып өседі. Бұл сөздерді біз өте жиі естісек те, соншалықты жиі «жақсы әке-шеше» деген сөз қандай мағына беретінін түсіндіре алмаймыз. Әке-шеше болатын адамдар жақсы ата-ана болу үшін арнайы әдебиеттерді оқу немесе тәрбиенің ерекше тәсілдерін үйрену керек деп ойлайды. Әрине педагогикалық және психологиялық білім керек, бірақ бұл әдетте жеткіліксіз болып табылады. Адамның қандай да бір іс-әрекетін бағалағанда көбінесе біз белгілі бір нормалар мен идеалдарға сүйенеміз, тәрбие іс-әрекетінде мұндай нормалар жоқ. Әйел болуды, күйеу болуды үйренген тәрізді немесе қандай да бір жұмыста шеберлікке үйренген тәрізді әке-шеше болуды да үйренеміз. Жақсы әке-шеше болуда қандай да бір әрекет түрінде қателіктер, сенімсіздіктер, сәтсіздіктер, жеңілістер сонымен қатар жеңістер де болуы да мүмкін. Отбасындағы тәрбие сол өмірдің өзі болып табылады. Және де біздің жүріс-тұрысымыз, тіпті біздің балаға деген сеніміміздің өзі де күрделі, біз қалыпсыз, кейде қарама-қайшылықта болып келеді. Балалар бір-біріне қаншалықты ұқсамайтын болса, әке мен шеше де бір-біріне соншалықты ұқсас емес. Баламен қарым-қатынаста терең индивидуалды және бір-біріне ұқсамайтын болып келеді. Әке-шешенің көбісі балаға жақсы көретініңді білдіртпеу керек деп ойлайды. Олардың ойынша баланы тым жақсы көру олардың ерке болуына, өзімшіл болуына әкеп соғады деп ойлайды. Бұл ойды жоққа шығару керек. Осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер керісінше, осы балаға деген махаббаттың жетіспеушілігінен пайда болады.

Баламен үнемі тереңпсихологиялық байланыс орнату – тәрбиенің әмбебап шарты болып табылады. Бұндай байланыс балаға қай жаста болса да керек. Ата-анасымен байланысты білу, сезіну – балаға әке-шеше махаббатын, қамқорлығын сезінуге мүмкіндік береді. Осыған баланы сендіру керек. Тәрбие диалогын қалай құру керек. Оның психологиялық сипаты қандай болу керек. Ондағы басты мақсат – ортақ мақсатқа бірге талпыну, әр түрлі ситуацияларда әке-шеше мен баланың біржақты бағыт ұстануы болып табылады. Бұл көзқарастар мен бағалаудың міндетті түрде бірдей болуы керек деген сөз емес. Көбінесе әке-шеше мен баланың көзқарастары сәкес келе бермейді. Дегенмен мәселелерді шешуде екі жақ бір бағыт ұстанатын бала әрқашан білуі, түсінуі керек. Бала әке-шешенің тәрбиелеу объектісі емес, ортақ отбасылық өмірдің одақтасы болу керек. Сондықтан отбасылық өмірге, мақсаттар мен жоспарларға ортақтас болғанда ғана біржақты тәрбие жойылып, маңызды диалог құрыла бастайды.

Диалогтық тәрбиелік қарым-қатынастың ең басты сипаты – бала мен ересектің позицияларын тең деңгейде қоюы болып табылады.

Тәрбие диалогтан басқа өте бір маңызды ереже бар. Әке-шеше мен бала қатынасының бұл жағы психологиялық тілде – баланы қабылдау деп аталады. Қабылдау сөзінің мағынасы – баланың индивидуалды болуына, басқаға және әке-шешесіне ұқсаматйын болуына деген құқығын қабылдау. Баланы қабылдау – баланың өзіне сай ерекшеліктерін, тұлғалық қасиеттерінің жақсы жақтары мен жаман жақтарын бірдей қабылдай білу. Ең алдымен әке-шешенің баламен қарым-қатынасын бағалауына назар аудару керек. Өкінішке орай көптеген әке-шешелерде «Өй, миғұла қолыңнан түк келмейді, басқа балаларға қарашы қандай, а?», «Неге ғана сені өмірге әкелдім екен?» сияқты сөздер әдетке айналып кетті. Ал, бала мінезінің ерекшеліктері мен тұлғалық қасиетіне жағымсыз баға беруден міндетті түрде бас тарту керек.

Қорытындылай келе, тәрбиедегі ең басты ережелер – балаға керекті кезде назар аудара білу, оған деген махаббатты қай жаста да көрсете білу, оның көзқарастарын ерекшеліктерін түсіне білу болып табылады дегім келеді.

  • Отбасында баланың жеке тұлға ретінде қарау;
  • Баланың өзін-өзі басқару (финанс, іс-әрекет, т.б.);
  • Баланың табиғатына сәкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру;

Сонымен жаңа ғасырда, қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру отбасының, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.

]]>
Отбасылық тәрбиенің баланың дамуына әсері

admin Wed, 15 Jan 2025 16:37:37 +0600
Балабақшада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/790-balabashada-sybajlas-zhemorlya-zhol-zho.html http://161.almatybala.kz/otkrytyj-organ/protivodejstvie-korrupcii/790-balabashada-sybajlas-zhemorlya-zhol-zho.html

]]>

]]>
admin Tue, 17 Dec 2024 12:53:22 +0600