"Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе. Тәрбиеші: Мухаева Ж. Б. » ГККП "Ясли-сад №161". Алатауский район
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№161 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Басшы:
+7(727) 263-75-31
Әдіскер:
+7(727) 227-34-05
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе. Тәрбиеші: Мухаева Ж. Б.
02
қараша
2022

"Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе. Тәрбиеші: Мухаева Ж. Б.



 

Қазақстан Республикасының Конститутциясында "Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы" деп отбасының міндеті анық көрсетілген. "Қазақстан-2030" бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге "Отбасы туралы Заң" әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. 
  Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың топ тәрбиешілерімен негізгі міндеттері:
1. Ата-аналармен тұрақты байланыс орнату;
2. Ата-аналар ұжымын құру;
3. Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру;
4. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру;
5. Ата-аналар жиналысынан қалмай келулерін қадағалау;
6. Отбасылық сайыстар ұйымдастырып, сайыстарға қатыстыру;
7. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру және т.б.